Төлеби аудандық сотында даулардың сотқа дейнгі реттелуін енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында азаматтық іс тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Төлеби аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жоба негізінде заңды некені бұзу туралы азаматтық іс қаралды.

Заңды некені бұзу туралы талап арыздар іс жүргізуге қабылданып, іс қозғалған соң, сот тараптарға даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаға қатысу туралы, кәсіби медиаторлар тізімі, талап арыз көшірмелері, істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарымның көшірмелерімен бірге  жазбаша хабарламалар жолдаған.

Тараптар осы пилоттық жобаға қатысу туралы өтініш хаттарын беріп, сол өтініш хаттарының негізінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу туралы өзара келісімге келді.

Осы пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 277-бабының 6)-тармақшасына сәйкес, судья тараптардың  дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы жасаған келісімдерін бекітіп,  іс жүргізуді тоқтатты. Талапкердің төлеген мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Судья тараптарға іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайдағы салдарын түсіндірді.

Ұйғарым  заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі