Түркістан қалалық сотында болашақ заңгерлермен кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жас заңгерлерді мемлекеттік қызметке баулу аясында өткізілген «Ашық есік күніне» Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің құқықтану факультетінің елуге жуық студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

Жас ұрпақтың құқықтық санасын көтеру және болашақ заңгерлерді сот жұмысымен таныстыру мақсатында сот төрағасы О.Серикбаев қалалық соттың құрылу тарихы, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің қаралу ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

Студенттер сот ғимаратын аралап, сот кеңсесінің жұмысы және аудио-бейне жазу құрылғыларымен жабдықталған сот отырысының залдарымен, сот мұрағаты және заңдарды жүйелеу бөлмесімен танысты.

Кеңсе мамандары болашақ заңгерлерге «Сот кабинеті» арқылы арыз-шағымдарды келтіру және кеңсеге келіп түскен істерді рәсімдеу тәртібін түсіндірді.

Студенттер қалалық соттың судьялары А.Тилегенов, С.Абсаматов және Қ.Чингиспаеваның төрағалық етуімен жүргізілген қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бузушылық туралы істер бойынша сот отырыстарына қатысты. Судьялар қылмыстық, азаматтық істерді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіріп, туындаған сұрақтарға толыққанды жауаптар берді.

Кездесу барысында, судья Д.Бейсембекова «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша сот реформаларын жүзеге асырудың негізгі шарттары, кейбір іс санаттары бойынша сотқа дейінгі дауды міндетті түрде медиация тәртібімен реттеу туралы заң жобасы туралы айтып өтті.

Іс шара соңында О.Серикбаев мемлекеттік қызметке алынатын және судья лауазымына үміткерлеріне қойылатын талаптары мен іріктеу шарттарын түсіндіріп, болашақта таңдаған мамандығына лайық болуларына тілек білдірді, өз кезегінде студенттер кездесуден алған әсерлерімен бөлісті.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі