Түркістан қалалық сотында «Жемқорлық-қоғамдық дерт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Түркістан қалалық сотында судьялар мен прокуратура, сот орындаушылар, Әділет басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, құқық қорғау органдары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жемқорлық-қоғамдық дерт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Кездесу барысында төрағалық етуші О.Серикбаев 2017 жылғы 31-қаңтардағы Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының бесінші басымдығында сыбайлас жемқорлықпен күрестің атап көрсетілгенін,  Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалғанын, сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екенін баяндап, қатысушыларға қоғамның әрбір мүшесі болғандықтан жемқорлықпен күрес жүргізудің қажеттігін түсіндірді. 

Қатысушылар өз кезегінде Елбасының Жолдаулары мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы «Жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, жаңа заңнамалар әзірлеу» қадамында көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» қабылданған заңын орындау, жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білетіндерін көрсетіп, пікірлер алмасты.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі