Жаңа судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №458 «Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес  Перизат Сафарбаева Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы қызметіне, Дина Тойжанова Сайрам аудандық сотының судьясы қызметіне, Серік Ниязбек Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

2017 жылғы 14 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Зиядинхан Пірнияз жаңадан тағайындалған  судьяларды ұжымдарымен таныстырып, оларды жауапты қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі