Жол ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік қамау жазасы тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтарал АІІБ-сы қызметкерлері құқық бұзушы С.А.-ға өзінің «Nissan Sunni» маркалы автокөлігін Асықата кентінің Әмірханов көшесімен көлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінің 2.7.1 тармағының талабын бұзып, мас күйінде басқарғаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 468-бабының 8-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, сотқа қарау үшін жолдаған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, енді мұндай әрекеттерді қайталамайтынын айтып, өкініш білдіріп, кешірім жасауды және  өзіне жеңіл жаза беруді сұранды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы С.А. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 467-бабының 8-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 10  тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.              

Мақтарал ауданының №3 аудандық сотының баспасөз қызметі