Жол көлік оқиғасына кінәлі жүргізуіші көлік жүргізу құқығынан айырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

03.02.2014 жылы Түркістан қалалық сотында құқық бұзушы Ж.Е. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Құқық бұзушы Ж.Е. 08.09.2013 жылы сағат 14.30-дар шамасында, өзінің басқаруындағы «Мерседес Бенс 190» маркалы м/б 417 DWA 13 санды автокөлігімен Түркістан қаласы, Қазыбек би көшесі, №188 үйдің тұсында жүргізуші Б.Қ. басқаруындағы «Ваз 21074» маркалы м/б Х 580 UВМ санды автокөлігін соғып жол көлік оқиғасын жасаған, соның салдарынан Б.Қ. «орта» дәрежелі дене жарақатын алған, жол қозғалысы ережелерін 10.2 тармағын бұзып, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 468-1 бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Құқық бұзушы Ж.Е. сот отырысында өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін айтып көрсетті.

Сот Ж.Е.-ні Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен кінәлі деп танып, оны осы баппен 3 тәулікке әкімшілік қамауға алып, бір жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындауға қаулы етті.

Қаулы заңды күшіне енген.

Түркістан қалалық сотының баспасөз қызметі