Жолдауды насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кентау қалалық соты мен «Нұр Отан» партиясының Кентау қалалық бөлімшесімен бірігіп дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен Кентау қалалық сотының судьясы А.Дәуренбеков  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру мақсатында, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында баяндама жасап, тақырыпты кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Кентау қалалық бөлімшесінің төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков қосымша баяндама жасады.

Аталған іс-шара барысында күн тәртібіндегі тақырып талқыға салынып, қатысушылар туындаған сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі