Архив событий

05/12/2014

Сот медиациясы қолданыста

05/12/2014

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген, азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың мамыр – қараша айларында Оңтүстік Қазақстан облысы соттарында 571 азаматтық іс қаралды.

Абайсызда адам өліміне әкеп соққан қылмыстық іс-әрекеттері үшін 9 жылға сотталды

05/12/2014

Сотталушы Н.А. 2014 жылдың 26 қыркүйегі күні Түлкібас ауданының Машат ауылында жүріп, ауылдасы Ш.М.-ны кездестіріп қалған. Содан, екеуі екі шөлмек арақ алып, Машат өзенінің жағасына барып, бірге арақ ішіп отырып мас болып қалған. Әңгіме барысында екеуі ерегісіп қалып, туындаған бас араздық салдарынан сотталушы Н.А. жәбірленуші М.Ж.-ның жағасынан ұстап алып, басымен оның бет тұсынан және жұдырықтарымен қабырға тұстарынан бірнеше рет ұрып, жәбірленушіні жерге құлатқан.