Архив событий

09/12/2014

«Жауапкершіліктен жалтаруға себеп болды»

09/12/2014

Жауапкершіліктен жалтаруға себеп болды»

        2014 жылы 30 шілдеде сағат 11.22-де Шымкент қаласы, Бәйдібек би және Тұлпар көшелерінің қиылысында құқық бұзушы «Н» өзінің басқаруын-дағы «ВАЗ 21074» МТНБ 274LCA13 автокөлігімен ҚР ЖЖЕ 1.5. тармағын бұзып, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығып, ҚР ӘҚБтК-нің 463-3-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды»

09/12/2014

«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды»

      Құқық бұзушы «Ж» 31.05.2011 жылғы № 6316 санды сыйға тарту шартына сәйкес, Мақтаарал ауданы, Жамбыл а/о, Жалын ауылы, А.Коспанов көшесі, № 45 үйді сыйға алып, оны уәкілетті органда уақытылы тіркемей, Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9-бабының 1-тармағын, яғни жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзған.

«Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды»

09/12/2014

«Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынды»

         Құқық бұзушы «Г» 09.09.2014 жылы сағат 11.00 шамасында Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының ғимаратының алдында, яғни қоғамдық орында өзінің күйеуі Ж-ның ұялы телефонын лақтырып, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзып, соңғыны ар-намысына тиетін былапыт сөздермен балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген.

Сот медиациясы қолданыста

09/12/2014

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен бекітілген, азаматтық сот өндірісіне судьяның қатысуымен бітімгершілік рәсімдерді (сот медиациясын) енгізудің пилоттық жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың мамыр – қараша айларында Оңтүстік Қазақстан облысы соттарында 571 азаматтық іс қаралды.

«Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік қамауға алынды»

09/12/2014

«Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік қамауға алынды»

        Құқық  бұзушы «Ж»,  бұрын бірнеше рет қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіріп мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылған адам бола тұра, 02.10.2014 жылы сағат 16.50 шамасында, Мақтаарал ауданы, Атакент кенті, Ташкент көшесінің бойында орналасқан орталық базардың маңында, қоғамдық орында адамның қадір-қасиетіне және қоғамдық имандылыққа нұқсан келтіріп мас күйінде жүрген жерінен ұсталған.

Кентау қалалық сотының құрамы жаңа тағайындалған судьямен толықты

09/12/2014

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 965 Жарлығына сәйкес Байжігіт Ұлан Дәулетбекұлы Кентау қалалық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

2014 жылдың 28 қарашасында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Кеңсе басшысының орынбасары Оразғалиева Найля Тұрланқызы жаңадан тағайындалған судьяны жұмыс ұжымымен таныстырды.    

 

Бәйдібек аудандық сотында баспасөз маслихаты өтті

09/12/2014

Бүгін Бәйдібек аудандық сотының төрағасы А. Бекназаров Қазақстан Республикасының Президентінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы бойынша өткізілген іс-шараға байланысты баспасөз маслихатын өткізді.

         Аталған іс-шараға аудандағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.