Архив событий

24/12/2014

Аудандық сотта дөңгелек үстел өткізілді

24/12/2014
Шымкент қаласының Абай аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің негізгі новеллалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 
Дөңгелек үстелге Абай аудандық сотының судьялары, Абай ауданының  құқық қорғау органдарының, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың өкілдері, адвокаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жаяу жүргіншіні көлігімен соғып, оның өліміне әкеп соқтырғаны үшін сотталды

24/12/2014

Сотталушы К.С. 06 тамыз 2014 жылы, сағат 14.00-дар шамасында Ваз-21053 маркалы автокөлігін Түлкібас ауданы, Тастұмсық ауылы, Е.Дүйсенбаев көшесі бойымен басқарып бара жатып, елді мекен ішінде, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережесінің 10.1 тармағында көрсетілген талаптарын, яғни жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, өзінің менмендігімен және немқұрайлығымен көшенің жүріс бөлігінің оңтүстік беткі жағынан солтүстікке қарай жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргінші Т.У.-ды соғып кеткен.

Автокөлігіне жалған белгі тағып жүргізгені үшін кінәлі деп танылды

24/12/2014

 2014 жылы 22 қазан күні сағат 09:50 шамасында Шымкент қаласы, Елшібек батыр көшесінің бойында А.Омаров өзінің басқаруындағы «Мersedes Benz» маркалы автокөлігін жалған мемлекеттік тіркеу белгісін тағып алып жүргізіп келе жатқан кезінде жол полиция қызметкерлеріне ұсталған.