Архив событий

11/12/2014

Өзбекстан азаматтары қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылды

11/12/2014

Өзбекстан Республикасының азаматтары С.Оринов, Х.Худайберганов, Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық сотының 20.06.2014 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 394-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін жауаптылыққа тартыла тұра, қайталап, Қазақстан Республикасынан, тіркелу көші-қон карточкасында көрсетіліп белгіленген мерзімде қайтып кетуден жалтарған.

Сот қызметін үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға жарияланған конкурс қорытындыланды

11/12/2014

Жуырда Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасының Судьялар одағы мен Қазақстан Журналистер одағы және «ӘДІЛ СӨЗ» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жыл басында ұйымдастырған облыс соттарының қызметін баспасөз беттерінде үздік көрсеткен журналистік жұмыстарға жарияланған конкурс қорытындыланды.

Аудандық сотта дөңгелек үстел өткізілді

11/12/2014

11.12.2014 жылы Сарыағаш аудандық №2 сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар тақырып бойынша туындаған сұрақтарына аудандық сот төрағасы мен судьялар тарапынан толыққанды жауаптар алды.

Сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

11/12/2014

2014 жылғы 11 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық сот алқасының қаулысымен сотталған Ә.Жұмановаға қатысты шығарылған Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі өзгеріссіз қалдырылды.

Өкімет өкілін жария қорлағаны үшін сотталды

11/12/2014

Сотталушы Н.Турсынбеков 20.10.2014 жылы сағат 16:40-тар шамасында, Ордабасы ауданы Бөржар ауылы Абай көшесінің бойында, қоғамдық орында, мас халде жүргенін көрген Ордабасы ауданы ІІБ-нің полиция лейтенанты жәбірленуші Е.Б. оның қасына барып, өзін таныстырған уақытта, Н.Турсынбеков сол жерде тұрған куәлердің көзінше өкімет өкілінің заңды талабын қасақана орындамай, оған қарсылық көрсетіп, оның ар намысына, қадыр қасиеттеріне тиетін былапыт сөздер айтып қорлаған.

Тұрғын үйге кіріп, бөтен мүлікті ұрлаған

11/12/2014

 13.11.2014 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен айыпталған К.Тугаев қылмыстық ісі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Жәбірленушімен татуласып, қылмыспен келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 67 бабының 1 бөлігінің негізінде қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.

Балық аулау қағидаларын өрескел бұзған

11/12/2014

Құқық бұзушы Н.Горбачев 09.11.2014 жылы Шардара су қойнауының №4 өндірістік учаскесінің «Арқабалды» учаскесінде балық аулау ережелерін өрескел бұзып, тиым салынған жерде, тиым салынған құралдармен - резеңкелік қайық және полиамидтік 65х65 мм. балық аулауға арналған торды пайдаланып, жалпы салмағы 6 кг.заңсыз балық аулаған жерінен Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекциясының қызметкерлері және Мақтарал АІІБ –ның І-полиция бөлімінің полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Медиатордың көмегімен татуласты

11/12/2014

Құқық бұзушы Г.Керимбекова в 21.10.2014 жылы Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, Көктөбе ауылында, А.Айтуарованың үйінде онымен жанжалдасып, жанжал барысында бас араздық салдарынан А.Айтарованы ұрып, оның денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушы Г.Керимбекова кінәсін мойындап қазіргі таңда медиатордың көмегімен А.Айтуаровамен татуласып, ымыраға келіп, бітімгершілік келісімге келгендігін айтып, кешірім жасауды сұранды.

Медиатор арқылы бітімгершілікке келді.

11/12/2014

Құқық бұзушы А.Айтуреева 21.10.2014 жылы Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округі, Көктөбе ауылында, өзінің үйінде азаматша Г.Керимбековамен екеу жанжалдасып, жанжал барысында бас араздық салдарынан Г.Керимбекованы ұрып, мойынан тырнап оның денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірген.

Сот отырысында құқық бұзушы А.Айтуреева кінәсін мойындап қазіргі таңда медиатордың көмегімен Г.Керимбековамен татуласып, ымыраға келіп, бітімгершілік келісімге келгендігін айтып, кешірім жасауды сұранды.

Ашық есік күні өтті.

11/12/2014

Ашық есік күніне аталмыш соттың судьялары И.Саркулов пен Е.Кожамкулов қатысып, келушілердің сауалдарына нақты жауаптар берді.

Сот жүйесіндегі жаңалықтарды халыққа жеткізіп отыру, жиі жүздесіп, пікір алмасып, халықтың сот жүйесіне деген ой-пікірі мен көзқарасын дұрыс қалыптастыру «Ашық есік» күнінің негізгі мақсаты болып саналады.     

Травматикалық тапаншамен атып, бұзақылық жасаған

11/12/2014

   17 қараша 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы А.Ахметов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 257 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

Моншаға барып алтын бұйымдарды ұрлаған

11/12/2014

  19.11.2014 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 175-бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен айыпталған Б.Козтаева қылмыстық ісі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Жәбірленушімен татуласып, қылмыспен келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 67 бабының 1 бөлігінің негізінде қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында дөңгелек үстел өтті

11/12/2014

Шымкент қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Ертаев өз сөзінде:  Елбасымыз «Біздің, бүкіл қазақстандықтардың басын біріктіретін басты фактор-мемлекеттік тіл» деген болатын, сондықтан тіл мәселесіне баршамыздың  қолдау көрсетуіміз қажет», - дей келе, аудандық сотта жалпы құжат айналымының 100% мемлекеттік тілде жүргізілетінін және осы мерзімде соттың құжат айналымы соның ішінде кіріс құжаттарының саны 13814 болса, оның ішінде мемлекеттік тілдегі құжаттар саны 10468 (76%), шығыс