Травматикалық тапаншамен атып, бұзақылық жасаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

   17 қараша 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы А.Ахметов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 257 бабы 3 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленген.

   Сотталушы А.Ахметов 08.10.2014 жылы сағат 18:30 шамасында  анасы Р.Ахметованың Шымкент қаласы Молдагулова көшесімен Республика даңғылы қиылысында орналасқан «Дәмхана» кафесіне барған. Содан ол анасының көңіл күйінің төмен екенін көріп, анасынан себебін сұраған. Сол кезде анасы кафенің алдында тұрған таксисттермен автокөліктерін кафенің алдына қойғаны үшін ұрысып қалғанын айтқан. Ашуланып, сотталушы А.Ахметов «БМВ» маркалы автокөлігінде болған травматикалық тапаншасын алып, жәбірленуші А.Усипбаевқа қарай екі рет атып, оқиға болған жерден бой тасалаған.

 

Үкім заңды күшіне енген.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.