Архив событий

26/12/2014

Жаңа жылдық сый жасалды

26/12/2014

Жаңа жыл қарсаңында, Сарыағаш аудандық сотының ұжымы, Сарыағаш аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығында тәрбиеленіп жатқан 3 жастан 12 жасқа дейінгі 25 мүгедек балаларға жаңа жылдық сыйлық тапсырды.

Сот төрағасы Е.Рахманберді осы мекемеде ем алып, тәрбиеленіп жүрген балалар болашақта сауығып, еліміздің бақытты балалар қатарына қосылатынына сеніп, мүгедек бүлдіршіндерді жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Ажырасып кеткен әйелін қорлағаны үшін әкімшілік қамау жазасы тағайындалды

26/12/2014

Құқық бузұшы Б.Б. 17.12.2014 жылы сағат 17-30 шамасында Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылы Бекбосынов көшесі №38 үйде ажырасып кеткен әйелі Р.К.-ға былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіріп, оған сыйламаушылық білдіріп, тыныштығын бұзған.

Қасақана денсауллыққа «жеңіл» дәрежедегі дене жарақатын салғаны үшін айыппұл жазасы тағайындалды

26/12/2014

Құқық бұзушы М.А.  2014 жылғы 15 желтоқсан күні сағат 09:30 шамасында Түлкібас ауданы Дауан ауылы Аль-Фараби көшесіндегі №15 үйде бас араздық салдарынан өзінің бұрынғы жұбайы К.Э.-ны ұрып-соғып,  жәбірленушіге «жеңіл» дәрежедегі дене жарақатын салған

Бітімгершілікке келмеген көршілер

26/12/2014

 

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 23.12.2014 жылғы қаулысымен М.Е. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 79-3-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін  15 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Медиация келісімі бекітілді

26/12/2014

  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 67-бабына сәйкес құқық бұзушы Ж.М.-ға  қатысты әкімшілік іс медиация тәртібімен өндірістен қысқартылды.

Құқық бұзушы Ж.М. 07.10.2014 жылы  сағат 23.30  шамасында, өзінің басқаруындағы «Тойота Камри» маркалы, мемлекеттік белгісі 777 NDA 13 санды автокөлігімен Түркістан қаласы, Байбұрт  көшесінің бойында  аударылып, соның салдарынан өзінің жолаушысы К.М. жеңіл дәрежелі жарақатын алған, яғни Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 468-бабының 2-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған.