Архив событий

19/12/2014

Алаяқты қамауға алуға санкция берілді

19/12/2014

Түркістан қалалық соты алаяқтық жасаған азамат А.Т.-ны қамауға алу бұлтарпау шарасына санкция берді.

Алдын-ала тергеу органымен айыпталушы А.Т. 2012 жылы С.У.-дың ұлын Көкшетау қаласындағы кадет корпусына түсірмекші болып, осы оқу орнына түсіру үшін сеніміне кіріп алдап, жалпы 1.500.000 теңгесін,  Д. З.-ның баласын Ресей Федерациясының Краснодар қаласындағы әскери оқу орнына түсіріп беремін деп 700.000 теңгесін сенімге кіріп, алаяқтық жолмен алған.

ОҚО сотында салтанатты жиналыс өтті

19/12/2014

2014 жылы 15 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының  мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтіп, оған ардагер судьялар мен облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.