Архив событий

15/12/2014

Жана судьялардың тағайындалуы

15/12/2014

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қараша №965 «Қазақстан Республикасы соттарының судьяларын қызметке тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес  Мұздыбаева Махаббат Амангелдіқызы, Таштенов Нұржан Оспанұлы, Сатыбалдиева Айжан Кулмановна Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметіне тағайындалды.

ОҚО сотында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

15/12/2014

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының  мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтіп, оған ардагер судьялар мен облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, кеңсе қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Сеніп тапсырылған қаржыны ысырап еткені үшін жазасын алды

15/12/2014

Сарыағаш аудандық сотына В.Р.-ға қатысты қылмыстық іс түсіп, сот талқылауы екі айға жуық уақытқа созылды. Сотталушы ЖШС-не 2012 жылы шілде айында жұмысқа қабылданған, оның міндетіне Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ ауылына су құбырларын жүргізуде объектідегі жұмысқа басшылық жасау және ұйымдастыру кірген. Ол мекеменің есеп-қисап бөлімінен касса арқылы нақтылай қаржы алып, материалдық жауапты тұлға бола тұра, өзіне сеніп тапсырылған қаржыны ысырап еткен, яғни сеніп берілген ақша қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлаған.