Архив событий

18/12/2014

Суық қару сақтаудың салдары

18/12/2014

18.12.2014 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Новиков Михаил Алексеевичке   5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қоқыс қалдығын тастап, айыппұл төледі

18/12/2014

 

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 12.12.2014 жылғы қаулысымен Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданының тұрғыны Б.Э. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 5.556 (бес мың бес жүз елу алты) теңге айыппұл салу жөнінде қаулы қабылданды.

Өткізу мақсатынсыз есірткі затын сақтау

18/12/2014

 

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 15.12.2014 жылғы  қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Б.М. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған, он айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 18520 (он сегіз мың бес жүз жиырма) теңге айыппұл салып, қаулы заңды күшіне енген соң Еңбекші полиция бөлімінің айғақты заттарды сақтау бөлмесінде сақтауда тұрған салмағы 0,44 грамм «кептірілген марихуана» есірткі затын жою жайлы әкімшілік жаза тағайындалды.

Аудандық сотта семинар өтті

18/12/2014

Бүгін Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбында аудандық сот судьялары мен прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару, адвокатура өкілдерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Пәтерді жалға алып, төлеген ақшасын қайтаруды талап еткен

18/12/2014

  20 қараша 2014 жылғы Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы С.Мырзакасымов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 178 бабы 2 бөлігінің «а,в» тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. ҚР ҚК-нің 63 бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 1 жыл сынақ мерзімі белгіленген.