Архив событий

11/05/2017

Студенттердің қатысуымен семинар сабағы өткізілді

11/05/2017

Бәйдібек аудандық сотының судьясы С.Байтенов «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сот жүйесіндегі реформалар» тақырыбында Шаян ауылындағы №19 колледж оқытушыларымен және студенттерімен семинар сабағын өткізді.

Әкімшілік сотта семинар сабағы өткізілді

11/05/2017

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында сот төрағасы және судьялардың қатысуымен басқарудың белгiленген тәртiбiне қол сұғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы істерді талқылау бойынша семинар сабағы өткізілді.

БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді

11/05/2017

Кешегі аптада Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық соты төрағасының м.а. А.Джансов БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.

А.Джансов өз сөзінде аудандық соттың 2017 жылдың 4 айындағы жұмысы туралы статистикалық мәліметтер былтырғы жылмен салыстырмалы түрде жариялады, сонымен қатар, жаңа қолданысқа енгізілген технологиялардың жаңалықтарына, оның ішінде сот актілерінің оңтайлы қол жетімділігі туралы «Сот кабинеті» атты электронды қызметіне тоқталып өтті.

Арыс аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

11/05/2017

Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасы судьяларының VІІ съезінің қорытындысы бойынша қабылданған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қоғамның құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жөніндегі  тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, Арыс қаласындағы Теміржол колледжі студенттерімен «Ашық есік күні» өтті.