Архив событий

23/05/2017

Түркістан қалалық сотында аймақтық семинар өтті

23/05/2017

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша соттар әкімшісінің кеңсе меңгерушісі Э.Аширова, Талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Ә.Тұрғымбеков, Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы А.Мусаев Түркістан қалалық сотында соттардың бағалануға жататын қызмет бағыттары бойынша аймақтық семинар-мәжілісін өткізді.

Пневматикалық қарудан оқ атқан

23/05/2017

 09.02.2017 жылы кәмелетке толмаған Б.Ж. Мақтаарал ауданы, Асықата кентінде үйінің ауласында сауысқан құсын атамын деп, өзінің әкесі Е.М.-нің «НATSAN MOD 33» моделді, 4,5 мм. калибірлі пневматикалық қаруымен абайсызда өзінің туған інісі кәмелетке толмаған Б.Е.-нің көкірек тұсынан атқан, яғни құқық бұзушы Е.М.-нің кәмелетке толмаған балалары елдi мекенде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пневматикалық қарудан оқ атқан.

Бала үш жасқа толғанша алимент өндірілді

23/05/2017

Талап қоюшы  И. Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотына келтірген талап қою арызында, жауапкер К.-дан бала үш жасқа толғанша өзін асырап бағу үшін  алимент өндіруді сұраған.

Сот отырысында жауапкер К., талап арызды ішінара мойындап, талап қоюшының пайдасына алимент төлеуге қарсы еместігін көрсеткен.

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының шешімімен, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 6 477 теңгеден алимент өндірілді.

Шешім заңды күшіне енбеген

Әкімшілік іс медиациялық тәртіппен шешілді

23/05/2017

Құқық бұзушы А. 27.04.2017 жылы сағат 17.00 шамасында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Мамбетов көшесінде орналасқан өз үйінде жанжал шығарып, отбасының тыныштығын бұзып, сыйламаушылық көрсетіп, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы А. мен жәбірленуші Р. медиатордың қатысуымен татуласқандарын, ол туралы бітімгершілік келісімін жасағандарын көрсетіп, әкімшілік істі қысқартуды сұраған.

«Сот кабинеті» ақпараттық сервисін қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

23/05/2017

Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру және «Сот кабинеті» жүйесін пайдаланушылардың санын арттыру мақсатында Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Б.Ермурзаев Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлеріне түсіндірме жұмысын өткізді.