Архив событий

15/05/2017

ОҚО сотында сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты азаматтық істерді қарау барысында туындайтын проблематикалық мәселелер талқыланды

15/05/2017

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты азаматтық істерді қарау барысында туындайтын проблематикалық мәселелер» тақырыбында семинар өтті.

Жақсы мінезіне байланысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

15/05/2017

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотында бас бостандығын шектеу жазасына сотталған Н.-ны жазасын өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы Мақтаарал  аудандық пробация қызметінің  ұсынысы қаралды.

Медиатордың көмегімен татуласты

15/05/2017

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы А.Б. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, кәсіби медиатордың көмегімен тараптардың өзара бітімгершілікке келуіне байланысты іс  өндірістен қысқартылды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында А.Б.  28.04.2017 жылы «Қайнар бұлақ» саяжайы, Жаңақұрылыс көшесі н/з үйінде өзінің әпкесі E.А.- ға  келіп,  былапыт сөздер айтып, айқай шу шығарып, оның ар-намысына тиіп, оған сыйламаушылық білдіріп,  отбасының  тыныштығын бұзғаны  анықталды. 

Сот залынан босатылды

15/05/2017

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 2,3-тармақтарындағы көрсетілген қылмысты жасаған  Е.Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.