Қарақшылық қылмысын жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтарал ауданының тұрғын С.Қ. қарақшылық жасап, сотты болды. 

Ол спирттік ішімдік ішіп, мас халінде Асықата – Қызылқұм тас жолының бойында орналасқан жанар жағар май құю бекетінде жұмыс істейтін танысы Н.И.-дан несиеге бензин құйып алу ниетімен сенімхат арқылы басқаруындағы «Мазда 626» маркалы автокөлігімен келген. Бекетке келген соң, ол жерде  жұмыс істеп жүрген Г.Ж.-ны көріп, одан Н.И.-дың қайда екенін сұраған. Танысының демалыста екендігін, жұмысқа келесі күні шығатындығын білген соң, Г.Ж.-дан көлігіне 500 теңгеге қарызға бензин босатуын сұранған. Ал Г.Ж. өзіне бейтаныс азаматтың бұл өтінішін орындаудан бас тартқан. Осы арада С.Қ. қылмыстық ойын жүзеге асыру ниетімен, Г.Ж.-ны қасына шақырып алған да, басқаруындағы автокөлігінің жүк салғышын ашып, оның ішінен 16 калибрлі тегіс екі ұңғылы «ИЖ-58» маркалы аңшы мылтығын қолына алып, оны Г.Ж.-ға көрсетіп, «атысамыз ба?» - деп қорқытып, 500 теңгеге 5,6 литр бензинін құйдыртып алып, оқиға болған жерден бой тасалап кеткен.

Сотталушы С.Қ. сотта өз кінәсін толық мойындап, кешірім жасауды сұранды.  

Сот үкімімен С.Қ. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 179-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың осы бөлігімен 3 жыл 6 ай бас бостандық еркінен айыру жазасы тағайындалды, алайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 63-бабын қолданып, тағайындалған жаза шартты деп саналып, 2  жыл 6 ай сынақ мерзімі тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген.             

Мақтарал ауданының №3 аудандық соты