Көрсетілім түріндегі сот отырысы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Төлеби аудандық соты және ҚР «Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ОҚО бойынша департаменті» ММ-сі Төлеби аудандық пробация қызметінің бастамасы бойынша көрсетілім түріндегі сот отырысы өтті.

Сот талқылауы тонау қылмысын жасағаны үшін бас бостандығын шектеуге және тағайындалған жазаны пробация қызметінің бақылауында  өтеп жүрген О.Е.-ге қатысты өткізілді. Іс материалдарына сәйкес, О.Е. сот жүктеген міндеттерді орындамай, жазаны өтеуден қасақана жалтарған.

Пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылып, сот бас бостандығын шектеу туралы жазаның өтелмеген 2 жыл 8 ай 9 күн мерзімін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырды.

Сот талқылауына Төлеби аудандық пробация қызметінің қызметкерлері және олардың пробациялық бақылауында бас бостандығынан айыруға қарағанда жазаның неғұрлым жеңiл түрлерін өтеп жүрген сотталған адамдар шақырылып, қатыстырылды.

Бұл іс-шара аталған сотталған адамдарды түзеу және олардың жаңа қылмыстар жасауының алдын алу мақсатында өткізілді. Нәтижесінде сотталған адамдар жасаған құқық бұзушылығы үшін ешкім де жазадан қашып құтыла алмайтынына және сот жүктеген міндеттерді қасақана орындамау заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғатынына көз жеткізді.

Сот талқылауы аяқталған соң Төлеби аудандық сотының төрағасы Б.Кәрім қатысушылармен сот үкімімен жүктелген шектеулерді бұлжытпай орындау мәселелері бойынша әңгіме жүргізді.

Сонымен қатар Б.Кәрім шақырылғандарға жуырда қабылданған «Рақымшылық туралы» Заңның және «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының қағидаларын түсіндірді.

Одан әрі сот төрағасы сот талқылауына  қатысқан   адамдардың сұрақтарына жауаптар берді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі