Архив событий

02/03/2016

Шынайы алғыс

02/03/2016

Биыл кең-байтақ респуликамызда қазақтың кеңпейілдік белгісіндей, Алғыс айту күні Сайрам ауданында аталып өтті. Көктемнің алғашқы күнінде елеулі болған айтулы іс-шара аудандық Қ.Жандарбеков атындағы Мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Оған Сайрам аудандық сотының судьясы А.Қожабекова қатысып, мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күнінің мән-мағынасына тоқталып, бұл күні барша қазақстандықтар үшін ерекше екенін атап көрсетті.

Әкімшілік сотта дөңгелек үстел өтті

02/03/2016

Шымкент қаласы мамандандырылған әкімшілік сотында  «Сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары және ОҚО әділет департаментінің сот актілерін орындау жөнінде аумақтық бөлімдері бойынша Еңбекші, Абай, Аль-Фараби  аудандық сот орындаушылары және жеке сот орындаушыларының палатасының сот орындаушылары мен БАҚ өкілдері қатысты .

«Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

02/03/2016

Арыс аудандық сотында аудандық прокуратура мен ІІБ-нің қызметкерлерінің, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Бүгінгі гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

02/03/2016

Бүгін  Сарыағаш ауданы Абай ауылының Мәдениет үйінде Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының ұйымдастыруымен «Бүгінгі гендерлік саясат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық соттың судьялары мен сот қызметкерлері, Сарыағаш аудандық прокуратурасының, ауылдық округтердегі әйелдер кеңестерінің және БАҚ өкілдері қатысты.