Архив событий

17/03/2016

«Сот кабинеті туралы» дөңгелек үстел өтті

17/03/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Сот кабинеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының шегінен шығарылып жіберілді

17/03/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотына берген арызында Өзбекстан Республикасының азаматы Ж.Мамирбеков Қазақстан Республикасының аумағында жүріп, ҚР-ның ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысқа күдікті деп танылып, Қаратау аудандық прокуратурасының қаулысымен ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі, ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 35-бабының 1-бөлігінің 12-тармағына сай қылмыстық жауапкершіліктен босатылғанын, Қазақстан Республикасы «

Тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеді

17/03/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында 2016 жылдың  талапкер Загира Сейдахметовна Бектурганованың жауапкер Динмухамет Болсынбекулы Жабагиевтен қарыз соманы өндіру  туралы талап арызымен қозғалған істі қарау барысында жауапкер Д.Жабагиев талапты мойындап, қарыз ақшаны 2016 жылғы 5 сәуірге дейін қайтаруға міндеттенуіне байланысты,  тараптар және олардың қорғаушылары дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Заңсыз қару сақтаған

17/03/2016

Мақтаарал АІІБ-ның І-полиция бөлімінің қызметкерлері 2016 жылдың 18 қаңтарында жедел профилактикалық іс-шара жүргізіп, Мақтаарал ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округінде орналасқан тұрғын үйде құқық бұзушы И.А.-дан ішкі істер органдарында тіркелмеген 16-калибрлі, ИЖ-18 модельді, тегіс бір ұңғылы  қаруды заңсыз сақтағанын анықтаған.  

Қоғамдық орындағы әдепсіздігі үшін әкімшілік жазаға тартылды

17/03/2016

Құқық  бұзушы А.А. 2016 жылдың 2 ақпанында қоғамдық орында Мақтаарал ауданы, Асықата кентінің орталық базарының алдында жәбірленуші, яғни ауылдасы А.Б.-ны балағаттап, орынсыз тиісіп,  ұсақ  бұзақылық  жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы өзіне тағылған кінәсін толық мойындап,  жазасын жеңілдетуді сұрады.

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы А.А. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған он айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынды.

Есірткі сақтап, жазаға тартылды

17/03/2016

Мақтаарал АІІБ-сы І-полиция бөлімінің полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 2016 жылдың 4 қаңтарында сотталушы А.К.

Алкоголь өнімін өткізу талаптарын бұзған

17/03/2016

2016 жылдың  4 ақпанында Мақтаарал АІІБ-ның І-полиция бөлімінің қызметкерлері жедел профилактикалық іс шара жүргізу барысында, Мақтаарал ауданы, Ынтымақ ауылдық округіне қарасты «Әден Ата» елді мекенінде орналасқан, азық-түлік дүкенінің сатушысы, құқық  бұзушы К.А. жиырма бір жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сатқанын анықтаған.

Ұсақ құқық бұзушылық

17/03/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 11.03.2016 жылдың 11наурызындағы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны А.Г.-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жаупкершілік ретінде екі тәулікке әкімшілік қамаққа алды.