Архив событий

28/03/2016

Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

28/03/2016

2016 жылғы 25 наурыз күні Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған Т.С.-ке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот актілерінің орындалу барысын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізілді

28/03/2016

Түлкібас аудандық сотында «Сот актілерінің орындалу барысы және сот актілерін орындау барысында туындаған қиындықтар мен кемшіліктерді жою туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қарыз ақша өндірілді

28/03/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен жауапкер «United Trans Servis Asia» ЖШС-нен талапкер «Avis Logistics» ЖШС-нің пайдасына қарыз ақша өндірілген.

Семинар сабағы өтті

28/03/2016

   Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және ішкі қауіпсіздікті сақтау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді. 

   Іс-шараға сот төрағасы Ж. Балғанбеков, судьялар, кеңсе меңгерушісі, сот приставтары, ОҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы ММ құрамы және сот мамандарының қатысуында өтті.

Темекі қалдығын тастағаны үшін қамаққа алынды

28/03/2016

    Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) азамат А.Р. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Медиация рәсімі өткізілді

28/03/2016

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында жаңа Азаматтық процестік Кодекстің нормаларына сәйкес дауды медиация  тіртібімен келісімді бекіту арқылы азаматтық істің қаралуы аяқталады.

Талапкер С. жауапкер Ж.-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.