Архив событий

29/03/2016

Қаратау аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

29/03/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманберді аудандық сот қызметкерлерінің, осы сотта тәжірибеден өтіп жатқан колледж студенттерінің қатысуымен «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесі» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Алиментті уақытылы төлемегені үшін әкімшілік қамаққа алынды

29/03/2016

    Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік соты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін  (Сот үкімін, сот шешімін және өзге де сот актісін және атқару құжатын орындамағаны үшін)  азамат Ж.Е. қатысты әкімшілік ісін қарады.

Тараптар медиация тәртібімен татуласты

29/03/2016

Жекеше айыптаушы О.Л. сотқа жеке шағым беріп, онда 05.02.2016 жылы сағат 16:00 шамасында оның Мәдениет ауылында орналасқан үйіне айыпталушы Х.Р. келіп, былапыт сөздермен балағаттап, абыройы мен қадір-қасиеттерін әдепсіз түрде кемсітіп, қорлағанын, соңынан ұрып-соғып, дене жарақатын салғанын көрсетіп, оны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 8-бабымен, 131-бабының 1-бөлігімен  қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Тараптар татуласты

29/03/2016

        Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында отбасында жанжал шығарған азамат Е.П. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

             Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы өз үйінде айқай шу шығарып, өзінің жұбайына балағат сөйлеген.