Архив событий

26/03/2016

Дау медиация тәртібімен шешілді

26/03/2016

Бүгін Кентау қалалық соты талап қоюшы А.-ның жауапкер Р.-ден құны 647500 теңге тұратын жеке мүліктерін қайтарып алу туралы азаматтық істі қарады.

Сот отырысында тараптар келесі шарттар бойынша медиациялық келісімге келді: жауапкер Р. аталған құны 647500 теңге болатын барлық жеке мүліктерді 2016 жылдың 25 наурызына дейін талапкерге қайтаруға  міндеттенеді, ал талап қоюшы өз кезегінде талап арызынан бас тарттты. 

Осыған байланысты сот аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтату және төленген 6475 теңге мемлекеттік баж салығын талапкерге қайтару жайлы ұйғарым шығарды.