Архив событий

18/03/2016

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

18/03/2016

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында 2016 жылдың 17 наурызында талапкер Б.О. жауапкер Н.С-дан баласы үш жасқа толғанша жұбайын асырап-бағуға алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған істі алдын ала сот отырысында қарау барысында жауапкер Н.С. баласы үш жасқа толғанға дейін жұбайын асырап бағуға ай сайын 15000 (он бес мың) теңге төлеуге міндеттенуіне байланысты,  тараптар және олардың қорғаушылары дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге ниет білдірді.

Мұра қабылдау мерзімі қалпына келтірілді

18/03/2016

Талапкер А.Ш жолдасы 2010 жылы қайтыс болғанын, одан қалған үйді иеленіп, төлемдерін төлеп келгенін, үйді өз атына аудару үшін мұраны қабылдау мерзімі өтіп кеткенін көрсетіп, азаматтар С.Н.,К.Н.-ны жауапкерлер деп танып,  мұра қабылдау мерзімін қалпына келтіріп, мұраны қабылдады деп тану туралы сотқа жүгінген.