Архив событий

09/03/2016

Қаржыны өндіру жайлы азаматтық іс партисипативтік келісіммен аяқталды

09/03/2016

Еңбекші аудандық соты талапкер Шымкент «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК-ның жауапкер Н.Т.-дан қарызы өндіру туралы азаматтық істі, тараптардың қорғаушы өкілдерінің қатысуымен қарады.

Істі қарау барысында жауапкер Н.Т. талапкердің 925 395 теңге шығынын төлеуді, талапкер жауапкердің міндеттемені уақтылы орындамағаны үшін төленетін 131 406 теңге айыппұлды өндіртуден бас тартатыны, бұл шарт орындалған соң құрылыс нысанының құжаттарын дереу беретіні туралы тараптар партисипативтік келісімді  бекітуді сұраған.

Арыс аудандық сотында партисипативтік келісім бекітілді

09/03/2016

Арыс аудандық сотында адвокаттардың қатысуымен талап қоюшы У.К.-ның  жауапкер О.Г.-ге  қарыз ақша өндіру туралы азаматтық істі партисипативтік келісіммен бекітті.

Талап арызында У.К.  жауапкерден 500 000 теңге қарыз ақшаны, адвокаттың заңды көмегіне төленген 50 000 теңгені және мемлекеттік баж салығы ретінде төлеген 5 000 теңгені  өндіруді сұраған.