Архив событий

16/03/2016

«Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

16/03/2016

Арыс аудандық сотында аудандық прокуратура мен ІІБ қызметкерлерінің және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жеке айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шет ел азаматына қатысты бұлтартпау шарасы санкцияланды

16/03/2016

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық соты 2016 жылдың 14 наурыз күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 286-бабының 2-бөлігі 5-тармағымен күдікті Өзбекстан Республикасының азаматы, ұлты қазақ, 1980 жылы туылған Қ-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтарпау шарасына 2 ай мерзімге кепіл мөлшерін айқындаусыз санкция берді.

Төлем қабілеттілігін реттеу мүмкіндігі жоғалмағандықтан, сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдады

16/03/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылдың 4 наурызында арызданушы «ТЕМІР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы арызы қанағаттандырылған.

ҚР «Оңалту және банкрот туралы» заңының 28-1 бабына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, борышкер осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында белгіленген бір немесе одан да көп шарттар басталған кезде борышкердің және (немесе) кредиторлардың оңалту рәсімін қолдану және (немесе) борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінгеніне дейін өзінің төлем қабілетсіздігін реттеу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Сот іс бойынша жинақталған құжаттарын зерттеп, «ТЕМІР» ЖШС-гі өзінің төлем қабілеттігін реттеуге мүмкіндік бар деп тапқан.

«ТЕМІР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған.

Мас халде жүргізу куәлігінен айырылған жүргізуші.

16/03/2016

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2016 жылдың 10 наурызындағы қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны А.Г. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілік ретінде 3 жылға көлік құралынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот қызметтік міндетін атқарып жүріп қайтыс болған ОҚО ІІД қызметкерлерінің отбасыларына біржолғы өтемақыны өндірді

16/03/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотына талапкерлер Н.А., Г.М., Ж.К. жауапкер ҚР ІІМ-нен ОҚО ІІД қызметкерлері А.А., Н.О. және Н.Ж. қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде жол-көлік апатынан қайтыс болған деп тануы, олардың отбасыларына біржолғы өтемақыны және моральдық зиянды өндіру туралы талап арыз берген.

Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясынсыз жасалған қаржылық қызмет көрсету бойынша мәмiлелер жарамсыз болып табылады

16/03/2016

Шымкент қаласның тұрғыны Н. талапкер А.-ға ай сайын 4 000 теңгеден сыйақы төлеп тұруға келісіп, қайтару мерзімін көрсетпей, 20 000 теңге қарыз алып, бұл туралы А.-ға қолхат берген.