Архив событий

30/03/2016

Сайрам аудандық сотының ұжымы балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

30/03/2016

Бүгін, Наурыз мерекесіне орай, Сайрам аудандық сотының ұжымы Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылында орналасқан «Бауыржан» отбасылық негіздегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап Шымкент қаласында орналасқан зообаққа экскурсия ұйымдастырды.

Аудандық сотта семинар өтті

30/03/2016

Бүгін Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында жаңа редакциядағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексін талқылау мақсатында семинар сабағы өтті.

Семинарға аудандық соттың судьялары және сот қызметкерлері қатысты.

Өзінше билік еткен

30/03/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 389-бабының 3-бөлігімен айыпталған Н.Бердіқұлов жәбірленушілермен татуласып, қылмыспен келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылған, оған қатысты осы қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған.

Құқықбұзушылық туралы іс медиатордың көмегімен шешілді

30/03/2016

2016 жылғы 27 қаңтар күні сағат 02.00 шамасында құқық бұзушы С.С. Мақтаарал ауданы Жайлыбаев ауылында орналасқан өз үйінде себепсіз жанжал шығарып, әкесі  Д.С.-ке сыйламаушылық көрсетіп, жанұясының тыныштығын бұзған.