Алимент дауы медиация арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы М.Б. сотқа түсірген талап қою арызында өзі оқу орнында оқығандықтан 21 жасқа толғанға дейін жауапкер Ш.Б.-дан алимент  өндіріп беруді сұраған.

Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының ұйғарымымен талапкер  М.Б. жауапкер Ш.Б.-дан алимент өндіру туралы азаматтық ісі бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітілді. Келісім бойынша жауапкер талап қоюшыға ай сайын алимент төлеуге міндеттеме алып, талап қоюшы талап қою арызынан бас тартты. Тараптар өзара бітімгершілікке келулеріне байланысты іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі