Балық ресурстарын заңсыз аулағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық сотында сотталушы К.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігінің 2-тармағымен қозғалған қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс бойынша сотталушы К. 18.04.2017 жылы сағат 03:00 шамасында Шардара су қоймасының Қаракөл аумағында балық аулауға тыйым салынған электр тогын қолдану тәсілімен балық аулау сәтінде балық инспекциясының инспекторына ұсталғаны анықталды.

Сот үкімімен К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабының 1-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, орман және жануарлар әлемін қорғау саласында қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі