Билік өкіліне бағынбаушылық танытқаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында билік өкіліне бағынбаушылық танытқан азамат З.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, З.А. 21.03.2017 жылы Шымкент қаласы, Алатау көшесінің бойында өзінің басқаруындағы «Ваз-21070» маркалы автокөлігінің жарық шамдарын жақпай келе жатқан кезінде өз қызметтік міндетін атқарып жүрген билік өкілі Шымкент ҚІІБ ЖППП-нің полиция инспекторы Е.Қ. оны тоқтатып, құжаттарын сұраған кезде бағынбаушылық танытып, автокөлігін басқарып кетіп қалған.

Сот үкімімен З.А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 379-бабының 1-бөлігіндегі көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (56725 теңгеа) йыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі