Дауды медиациялық тәртіппен шешудің тиімділігі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Мақтаарал аудандық сотында талап қоюшы П.К.-мен М.К.-тың жауапкер П.А.-дан жол көлік оқиғасынан келтірілген материалдық және моральдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Тараптар дауды медиация тәртібімен шешуге келісіп, медиация рәсімін  жүргізуді істі қарап жатқан судьяның өзі өткізуін өтінген.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге сәйкес, жауапкер П.А. талап қоюшыларға жол көлік оқиғасынан келтірген залалдың орнын  оларға тиесілі «Audi 100» маркалы автокөлікті 20.05.2017 жылға дейін толық жөндеп беру арқылы толтырады. Талап қоюшылар П.К. мен М.К. өздерінің талап қою арыздарынан бас тартады.

Соттың ұйғарымымен тараптар арасындағы дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім негізді және заңды болуына байланысты бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылған. Ал талап қоюшыға сотқа жүгіну үшін төлеген мемлекеттік баж бюджеттен кері қайтарылған. Бұдан медиациялық келісімнің негізінде тараптардың өз дегендеріне тез арада және тиімді шарттармен қол жеткізгендігі байқалады.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар