Декларацияда көрсетілмеген тауар мемлекет пайдасына тәркіленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында «Urumgi xiasiji international trаde co. ltd» атты қытай компаниясына қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 550-бабымен екі әкімшілік іс қаралған.

Әкімшілік істердің құжаттары бойынша аталған компания Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы мемлекеттік кіріс органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде анық емес мәлiметтердi қамтитын құжаттарды ұсына отырып, тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзбекші болған.

Соттың қаулысымен декларацияда көрсетілмеген 188 487 000 (бір жүз сексен сегіз миллион төрт жүз сексен жеті мың) теңге құрайтын тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі