Дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Кентау қалалық сотында «Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға прокурор А.Абдрешов, Кентау қалалық ІІБ-нің қызметкерлері Е.Зулпыхаров, Е.Бейсеев, адвокат Е.Сыбанбаев және БАҚ өкілдері қатысты.

Іс шара барысында судья А.Дәуренбеков жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізудің проблемалық тұстарын статистикалық мәліметтер келтіре отырып, жақ-жақты түсіндірді және сотқа түскен шағымның көпшілігі отбасы қатынасындағы азаматтардан түсетінін, алайда шағым иелелерінің арыздары сот қаулысында көрсетілген кемшіліктерді қаулыда көрсетілген мерзім ішінде заң талаптарына сәйкестендірмеуіне байланысты аталған шағымдар iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартылатындығын айтты.

Сонымен қатар, А.Дәуренбеков  қоғамда дау-дамайды азайту мақсатында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану үшін, тараптарды  дауды татуласу жолдарымен шешу туралы хабардар ету қажеттілігін айтып, ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне жекеше айыптау істері бойынша материалдарды сотқа жолдаған кезде Қазақстан Республикасының қылмыстық, қылмыстық процестік кодекстерінің талаптарын  басшылыққа алып, дұрыс әрі сапалы рәсімделуіне назар аударуды ұсынды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі