Дәрілік заттарды заңсыз айналымға салған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны И.А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жауапкершілік ретінде 453 800 тенге айыппұл салынып, фармацевтикалық кәсібіне тыйым салынды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында  И.А.-ның 16.03.2017 жылы жеке кәсіпкер бола тұра Қазақстан Республикасында тіркелмеген  ААҚ «Тверь фармацевтикалық  қоғамы» өндірген женьшень тұнбасын айналымға салғаны анықталды.

Сотта құқықбұзушы И.А. өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі