Экономикалық соттың төрағасы Б.Диханбаев: «Жеке кәсіпкерлердің банкроттығына қатысты рәсімдер жетілдіруді және құқықтық реттеуді қажет етеді»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жуырда Шымкент қаласында «Төлемге қаблетсіз мекемелерді басқару: жағдайлары, мәселелер және келешегі» тақырыбында республикалық форум өтті.

Форумға Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан оңалту және банкроттық басқарушылары, Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялары, ОҚО бойынша мемлекеттік органдардың басшылары, банкирлер, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері және т.б.

ОҚО МАЭС төрағасы Б.Диханбаев «Соттың оңалту және банкроттық рәсіміндегі рөлі» атты баяндамасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасына сай әлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ елдің ішкі даму серпіні қол жеткізгенге тоқмейілсуге мүмкіндік бермейтінін атап өтті.     

Сондай-ақ, Б.Диханбаев ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ХХІ ғасырдың перспективаларына сай келмейтін құқықтық догмалардан түпкілікті арылып, мемлекеттің норма түзушілік және құқық қолдану қызметін одан әрі жетілдіру қажет екендігін және Қазақстан үшін батыл мақсатты айқындау – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену – адам, қоғам өмірінің сапасын арттыру және мемлекеттілікті нығайту үшін елдің жүргізіп отырған бағытын тиімді қамтамасыз етуге тиіс ұлттық құқықтық жүйеге жоғары талаптар қоятынын, банкроттық, әсіресе, жеке кәсіпкерлердің банкроттығына қатысты рәсімдер жетілдіруді және құқықтық реттеуді қажет ететінін айтты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі