Қарыз ақша өндіру туралы дау медиация тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түлкібас аудандық сотында талапкер А.А.-ның жауапкер К.Ф.-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Төрағалық етуші судья тараптарға бітімге келуге барлық жағдай жасалып, медиация келісімін жасауға жеткілікті уақыт берді.

Аталған азаматтық істі сотта қарау барысында тараптар кәсібі медиатор А.Тулесовтың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.

Аталған келісім бойынша тараптар бітімгершілік шартындағы міндеттерді орындауға, яғни жауапкер К.Ф. 100 000 тенге қарыз ақшаны ай сайын 10 000 тенгеден төлеуге міндеттеме алады.

Ал, талапкер өз талабынан бас тартып, медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасалғанына байланысты, азаматтық істі қысқартуды сұраған.

Медиативтік келісімді өз еріктерімен орындамаған жағдайда, тараптар сотқа мәжбүрлі түрде орындау үшін атқару парағын алуға арыздана алады.

Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі