Қазығұрт аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бгін Қазығұрт аудандық сотында мемлекеттік мекемелер өкілдерінің қатысуымен ашық есік күні өткізілді.

Қазығұрт аудандық сотының төрағасы Қ.Қоңырбаев келушлерге Қазақстан Республикасы азаматтары мен заңды тұлғалары үшін сот жүйесіне қолжетімділікті арттыру және оңтайландыру мақсатында іске қосылған «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінің жұмысы және сот жүйесінде орын алған өзгерістер туралы қысқаша мағлұмат берді. Ашық есік күнінде сот кеңсесінің маманы А.Мырзакулов сот ғимаратындағы мұражай, «Әділет» спорттық алаңы, сот мәжіліс залдары, медиатор бөлмесі, сот кеңсесі және судьялар мен хатшылардың бөлмелерін экскурсия ретінде көрсетті.

 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі