Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот отырысында құқық бұзушы Т.-ның 02.05.2017 жылы сағат 22.00 шамасында өзінің басқаруындағы «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін ҚР ЖҚҚ-ның 2.4.2. тармағын бұзып, Мақтаарал ауданы Мырзакент кенті, Тайғанов көшесінің бойында алкогольдік масаң күйде басқарғаны анықталған.

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Т. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған үш жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалған.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі