Қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа жеңіл зиян келтіру) айыпталған М.Ж.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық ісі қаралды. 

Іс материалдарына сай, сотталушы М.Ж. 2017 жылдың 11 сәуірінде сағат шамамен 11:00-де Амансай ауылы, Б.Өтембаев көшесі бойында жәбірленуші А.С.-ға қарсы күш қолданып, ұрып-соғып жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген.

Бәйдібек аудандық сотының үкімімен М.Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 108-бабымен кінәлі деп танылып, оған 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі