Медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігінің 1,2,3-тармақтарымен айыпталғандар Т.Ж. мен И.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, сотталушылар Т.Ж. мен И.А. бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау үшін алдын-ала келісіп, жәбірленушілерге қаржылай зиян келтірген.

Аталған істі сотта қарау барысында жәбірленушілер өздері сотталушылармен татуласқандарын, келген зиян толық қайтқанын, бұл істі медиация тәртібімен реттегендерін және медиация туралы шартын жасап, өздерінің дауды реттеу туралы келісімге келгендіктерін көрсетіп, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.

Сот қаулысымен Т.Ж. мен И.А. жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына, келтірілген зиянды қалпына келтіруіне байланысты, қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылған.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі