Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер «К.Т.С.» ЖШС жауапкер «С.Ц.»  ЖШС-нен қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның талаптары бойынша талап қоюшы талаптан бас тартатыны, ал жауапкер талап қоюшыға 3 899 000 теңге берешекті 2017 жылғы 31 мамырға дейін өтеуге міндеттенетіні көрсетілген.

Сот тараптармен жасалған дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ҚР «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талаптарына сай келетінін, заңға қайшы келмейтінін, екі тараптың мүддесінде жасалғанын және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, медиативтік келісімді бекітті.

Тараптар бітімгершілікке келуіне байланысты талапкер төлеген мемлекеттік баж салығын оған қайтарылды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі