Ортақ пайдалану жерді ластап, айыппұл төледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 10.12.2014 жылғы  қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Р.С. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін оған, үш айлық есептік көрсеткіш көлемінде, барлығы 5.556 (бес мың бес жүз елу алты) теңге айыппұл төлеу жайлы әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот мәжілісінде істі қарау барысында құқық бұзушы Р.С. 9-желтоқсан 2014 жылы  11 сағат 08 минут шамасында Шымкент қаласындағы «Самал» базарының алдында ортақ пайдалану орында өзінің жеген самсасының қалдығын жерге тастап, сол жерді ластағаны анықталған.

Сотта құқық бұзушы Р.С. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін, самсаның қалдығын белгіленбеген жерге байқамай қалып тастағанын көрсетіп, алдағы уақытта осындай іс-әрекеттер жасамайтынына уәдесін беретінін  көрсетті.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының Баспасөз қызметі