Өзбекстан Республикасының 10 азаматы Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасының 10 азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарынан анықталғандай, 2017 жылдың мамыр айының 23 жұлдызында  Сарыағаш ауданы, Жартытөбе ауылында Кірпіш зауытында, заңсыз жұмыс істеп жүрген жерлерінен Өзбекстан Республикасының 10 азаматы полиция қызметкерлерімен ұсталған. Олар, Қазақстан Республикасына келіп, жұмысқа орналасуға рұқсатты алмай еңбек қызметін жүзеге асырған, яғни ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сот қаулысымен, Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі