Сот бұйрығын орындамағаны үшін жауаптылық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен Н.Б. қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат Н.Б. Сарыағаш аудандық сотының кәмелеттік жасқа толмаған  баланы асырап бағуға алимент өндіру туралы сот бұйрығының талаптарын орындамаған.

Құқық бұзушыда 1 450 321 теңге қарыз сомасы пайда болған.

Сот қаулысымен құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік жаза ретінде 1 тәулікке қамаққа алынды.

Қаулы заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі