Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сайрам аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы бойынша азамат С.Е.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат С.Е. өзі жәбірленуші болып өтіп жатқан қылмыстық іс бойынша сот отырысына бірнеше рет белгісіз себебтермен келмеуіне байланысты сот процесі бірнеше рет кейінге қалдырылған.

Сот қаулысы бойынша құқық бұзушы С.Е. сотқа құрметтемеушілік білдіріп, тағайындалған сот отырысына бір неше рет белгісіз себептермен  келмегені үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, оған ескерту түріндегі жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енбеген. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі