Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Абай аудандық сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сол бағытта жұмысты күшейту мәселесі бойынша семнар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы С.Тоқбергенов жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, сот отырысының хатшыларына сотта қаралып жатқан істер бойынша тараптармен және бөгде адамдармен іс жүргізуге қатысы жоқ процессуалдық емес қатынастарды болдырмау туралы ескертті.

Тараптардың және олардың өкілдерін сот отырысына  дейін сот ғимаратының дәлізінде бос жүруді шектеу мақсатында сот отырысының хатшыларын сот отырыстарын уақытылы бастауға шақырды.

Сонымен қатар, қажетті қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шараларын өткізуді сот приставына тапсырып, сотта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тәртіп пен қауіпсіздік сақтау шаралары барысында сот приставының жауапкершілігін ерекше атап өтті. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі