Зергерлік бұйымдарды көп мөлшерде жымқыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотында азаматша Н.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол зергерлік дүкенде тауарды сату менеджері қызметінде жұмыс жасап жүріп, материалдық жауапкершілік туралы келісім шарт бойынша жауапты тұлға бола тұра, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті  өз пайдасына жымқырып, 3 ай бойы өзінің лауазымдық өкілеттілігін пайдаланып, 1 003 450 теңгеге татитын 16 алтын бұйымдарды зергерлік дүкеннен шығарып, оларды ломбардқа өткізіп, алған ақшаны өз пайдасына жаратқан.

Сонымен қатар, сотталушы өзінің туыстарына, жалпы сомасы 4 153 420 теңге болатын алтын бұйымдарды сыйға тартқан.

Сотталушы Н. жоғарыда аталған қылмыстары үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармақшасы бойынша мүлкі тәркіленіп 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 1-бөлігі негізінде, сотталушы Н.-нің тәрбиелеуінде кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, жазаны өтеуге тағайындалған мерзімнің жартысы қысқартылып, 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру және мүлкі тәркіленіп, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу болып өзгертілді. Азаматтық талап арыз қанағаттандырылып, азаматша Н.-дан 3 942 700 теңге өндірілді.

Сотталушы Н. сот залынан қамауға алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі